2022 жылдың 12 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтті. Мерекелік шараны университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Шакешев Бекболат Теміржанұлы ашты. Стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор Муханбеткалиев Аскен Самуратович студенттерді құттықтап, студенттік билетті табыс етті. Іс-шара студенттердің дайындаған мерекелік бағдарламасымен жалғасты.
