2022 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Жаңа кезеңдегі цифрлық трансформация» тақырыбында біліктілігін арттыру семинары өз жұмысын бастады.

Семинардың алғашқы дәрістерін Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университеті, Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кажиакпарова Жадыра Сериковна мен кафедраның  аға оқытушысы, қолданбалы математика және информатика магистрі Муратова Жансая Муратовна жүргізеді.

Семинар бағдарламасының мақсаты-мемлекеттік қызметшілердің цифрландыру бойынша жобаларды тиімді іске асыруға бағытталған цифрлық құзіреттерін арттыру.

Семинар Big dataға, деректерге негізделген визуализация, АКТ саласындағы заңнамалық реттеу, кибергигиена негіздері, ойлпу дизайны, процестерлі басқару негіздері , талдау түрлері, аналитикалық деректерді визуализациялау, цифрландырудағы шетелдік тәжірибе тақырыптарын қамтиды.

Семинарға облыс және аудандардың мемлекеттік органдарының ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс, цифрлық технологиялар, жоспарлау, талдау, мониторинг жүргізу, лицензиялау, аттестаттау саласының мамандары қатысуда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz