2026 жылғы 1 сәуірде ИОТ комплаенс қызметі 1–2 курс білім алушыларының қатысуымен Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шара Полиция Департаменті  мен ЗКИТУ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Кездесудің мақсаты – «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оқу орнында сталкинг фактілерінің алдын алу және оның мәнін түсіндіру болды.

Іс-шара модераторы – ИОТ комплаенс-офицері, полиция полковнигі (отставкада), Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х. Ол шара қонақтары мен қатысушыларын таныстырды. Кездесуге БҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Сатарова Д.М. және осы бөлімнің аға инспекторы, полиция капитаны Кумаргалиев Р.Ж., сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы, комплаенс қызметі мүшелері, эдвайзерлер және студенттер қатысты.

Полиция қызметкерлері өз сөздерінде отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына тоқталып, сталкингтің табиғаты мен негізгі белгілерін жан-жақты түсіндірді.

Сталкинг — бұл 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында көзделген жаңа қылмыстық құқық бұзушылық түрі. Ол қайталанатын қоңыраулар, хабарламалар, аңду, байланыс орнатуға әрекеттер, әлеуметтік желілер арқылы бақылау және адамның еркінен тыс жүзеге асырылатын басқа да қудалау түрлері арқылы көрініс табады. Мұндай әрекеттер психологиялық зиян келтіріп, адамның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Аталған баптың санкцияларына сәйкес, құқық бұзушыларға айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Облыс бойынша сталкингтің 3 дерегі тіркелген, оның екеуі сотта қаралып, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Білім алушыларға сталкинг белгілері байқалған жағдайда немесе отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар орын алған кезде өзін қалай ұстау керектігі туралы практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу барысында қонақтар студенттер мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында модератор Рахметов Т.Х. ИОТ ЗКИТУ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар атынан полиция қызметкерлеріне мазмұнды кездесуге қатысқандары үшін алғыс білдіріп, денсаулық пен қызметтеріне табыс тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz