Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының студенттерімен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Ильяс Жанболатұлы Жоламановтың қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

Ол «Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында өндіріс орындарындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрылымы, негізгі міндеттері, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жолдары және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды.

Дәріс соңында студенттер өндірістік қауіптерді басқару және жауапкершілік мәселелері бойынша сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz