2024 жылдың 10-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде «Қаржы және экономика» кафедрасы Ғылым апталығы аясында «StartUPWKITU» жастар стартап-жобаларының конкурсын ұйымдастырды. Конкурстың мақсаты БҚИТУ даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес студенттердің, магистранттардың ғылыми, кәсіпкерлік және зерттеу қызметіндегі белсенділігін арттыру; студенттердің, магистранттардың өзара іс-қимылын дамыту және тұлғааралық өзара іс-қимыл нысандарын кеңейту болып табылады. «StartUPWKITU» жастар стартап-жобалары байқауына қазылар алқасының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аскар Жуматаевич Махмудов, қазылар алқасының мүшелері экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Курманова Гулнара Кусаиновна, аға оқытушы Мукеева Умтханым Бекесовна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Салимбаева Шолпан Дисенбаевна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Уразова Бақыт Адилгереевна төрешілік етті.  

Байқауға 10 команда құрамында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының 2-3 курс студенттері, 2 курс магистранттары қатысты. Байқауға қатысушылар оқу орталықтарының ашылуынан бастап ірі ойын-сауық кешендерінің құрылысына дейінгі қызметтің түрлері бойынша бүгінгі таңда ең қызықты бизнес-идеяларды ұсынды. «StartUPWKITU» жастар стартап-жобалары байқауының соңында қазылар алқасы қорытынды жасап, оған қатысқан командалардың  нәтижелерін жариялады.

Конкурс нәтижелері бойынша «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Николаева Гонжаға «Тоғызқұмалақ орталығын ашу бизнес жоспары» жобасы үшін 1-орын берілді. 2 орын «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Кенжина Айнурға «Интерьер дизайны студиясы» жобасына берілді. «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Жеңіс Арман мен Қалиев Еркебұланға «Көлік жуу кешені» жобасы үшін 3-орын берілді. «Үздік презентация үшін» номинациясы «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Дүйсекенов Руслан мен Шапиев Бибарсқа «Coffe shop ашу» жобасы үшін берілді. «Кафедраның ғылыми өміріне белсенді қатысқаны үшін» номинациясы «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Сембаева Айнурға «Ақылды жұлдыздар – Умные звездочки» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған танымдық ойын-сауық орталығы жобасы үшін берілді. «Шығармашылық тәсілі үшін» номинациясы «Туризм» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне ««AqvaDeLuvr» ойын-сауық кешенінің ашылуы» жобасы үшін Абекешева Тұмаргүл мен Андрощук Максимге берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz