Салалық технологиялар факультетінің ЖББП кафедарсының аға оқытушысы Ф.Ж. Разахованың жетекшілігімен «Сәулет» мамандығының 1 курс студенттерімен ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Н.Назарбаев көшесі 206/2 орналасқан Орал қаласының көрме залында ұйымдастырылған «Палитра» балалар мен ересектер студия мектебінің шығармашылық көрмесін тамашалады. Көрмеден әр ұлттың мәдениетінен, тарихынан, еліміздің мәдениетінен сыр шерткен туындылардан тұрды. Туындыларда кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер, түрлі жанр мен техникалар қолданған. «Сәулет» мамандығында білім алушылар үшін өте пайдалы, мағынаға толы кездесу болды.