2024 жылдың 11 сәуір күні Орал қаласының №47 жалпы орта білім беретін мектебіне кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Кабиболла Кенжеевич пен «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының аға оқытушысы Тойган Насипкалиевна мектеп түлектеріне жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларына жеке-жеке тоқталып айтылды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында мектеп түлектеріне жарнамалық буклеттер таратылды, сонымен қатар жоғары оқу орнына түсу шарттары түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары барысында мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсуге қатысты сұрақтар қойып, толық жауап алды.