21 сәуірде Салалық технологиялар институтының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған «StartUP-WKITU-2025» студенттік бизнес-жобалар байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жас өнертапқыштар мен креативті ой иелерінің тың идеяларын қолдау, оларды нақты әрі өміршең бизнес-жобаларға айналдыруға жол ашу. Іс-шара барысында студенттер өз стартаптарын ұсыну арқылы тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын, көшбасшылық және презентациялық қабілеттерін де көрсетті.
Байқауға бизнес-жобаларымен 13 команда қатысты, олардың негізгі бағыттары: IT-технологиялар және цифрлық құралдарды қолдану арқылы өмірді жеңілдету; орнықты шешімдер; әлеуметтік кәсіпкерлік пен инклюзивті бизнес-модельдер арқылы қоғамға оң әсер ету.
Үздік деп танылған жобалар алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды!





