БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары: в.ғ.д., профессор Е.У. Байтлесов, б.ғ.д., профессор С.Г. Қанатбаев, в.ғ.к. қауым. профессор А.К. Днекешев, аға оқытушы Н.О. Абатова Жоғары инженерлік-технологиялық колледж және Жоғары аграрлық-техникалық колледж студенттері үшін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне сәтті түсуге даярлауға бағытталған кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді.

Колледжден кейін ЖОО-ға өту – бұл оқуды жалғастыру және таңдаған мамандығы бойынша алған біліктілігін арттыру мүмкіндігі. Бұл ретте бір маңызды детальды білу керек – егер сіз университетте арнаулы орта оқу орнында тапқан мамандық бойынша оқуды жалғастырғыңыз келсе, онда сіз үшін жеңілдікті шарттармен оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Бейіндік колледждер студенттерінің күндізгі қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша жоғары білім алу мүмкіндігі бар.

Колледж студенттері университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, жоғары оқу орнына түсу ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.