«Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын БҚИТУ 3 курс студенті  Кунуспаева Марзия Маратовна Ресей-Қазақстан арасындағы «Бассейну Урала – чистые берега и добрососедство» акциясының VII шығармашылық жұмыстар байқауында «Электрондық презентациялар, бейнематериалдар»  номинациясы бойынша 2 орын алды. Байқауды Ресей әйелдер одағының Орынбор өңірлік бөлімшесі, қоғамдық бірлестігі «Экологиялық-туристік қозғалысы «Біздің Жайық – Наш Урал» және Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасы ұйымдастырды. Оның мақсаты-шекара маңы өңіріндегі екі ел арасындағы татулық қарым-қатынасты дамыту, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, ең бастысы-өскелең ұрпақты тәрбиелеу, халыққа экологиялық мәдениетті сіңіру, Жайық өзенінің бассейні экожүйе проблемаларын шешу, олардың шешімдерінің жаңа жолдарын табу. Шығармашылық жұмыстар байқауына Орынбор облысынан және Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысынан барлығы 500–ден астам адам қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz