2024 жылдың 25 қыркүйек – 05 қазан аралығында Маңғыстау облысы аумағында Халықаралық Түркі Академиясы ұйымдастырған «Оғыз-қыпшақ кезеңі жерлеу орындарында археологиялық және антропологиялық ғылыми зерттеулер» тақырыбы бойынша Халықаралық далалық археологиялық қазба жұмысына БҚИТУ-нің қауымдастырылған профессоры, археология саласының PhD М.Д.Қалменов ғылыми жетекші ретінде қатысты. Далалық зерттеу жұмыстары Сисем Ата, Қараман Ата, Масат Ата және Күйеу Там кешендерінде жүргізілді.

