2024 жылдың 4-қазанында Университет Жоғары білім қызметкерлері күні мен Ұстаздар күні мерекелерін атап өтті. Салтанатты шараға университетіміздің Құрылтайшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым  академиясының құрметті академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұяқбай Зейтұлы Рысбеков бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. Жиында арнайы сөз алған университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Шакешев Бекбулат Темержанұлы: «Бұл бүгінгі кәсіби мереке, ол Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ. Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға амандық пен табыс тілеймін! Жоғары білім саласындағы қызметіңіз табысты болсын!», – деп ғылыми қауымға ізгі тілегін арнады. Университет басшысы жоғары білім саласында жемісті қызмет еткен бірқатар профессор-оқытушылар құрамын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгілері,  Құрмет грамоталары, сондай-ақ Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» мерекесіне орай Ғылым және білім саласында көп жылдар табысты еңбек етіп жұрген университетіміздің бір топ оқытушылары мен қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысының әкімі мен Орал қаласының әкімінің алғыс хаттарын университетіміздің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Машанова Самал Амангельдиевна табыс  етті.

Салтанатты шара соңы арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz