23-қарашада “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының ұйымдастыруымен өткен “Білім беру тәжірибесін трансформациялау” тақырыбындағы әдістемелік апталықтың қорытынды сабағын “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Есенгазиев Абзал, Кәрімова Гүлсезім “Қысқа мерзімді жоспар құрудың алгортимі” тақырыбындағы шеберлік сағатымен тәмамдады.

Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушылары қатысты. Шеберлік барысында қысқа мерзімді жоспар құру тәртібі түсіндірілді. Студенттер постер қорғап, жоспарларымен таныстырды. Сабақ қызықты да танымды өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz