2023 жылдың 23-қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін34 «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Л.У.Жубаналиева Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Орал қаласы 125 High school мектеп базасындағы білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» байқауының облыстық кезеңіне әділқазылар алқасының құрамына шақырылды.
Байқауға аудандық, қалалық, облыстық мектептерден 16 команда қатысты. Командалар төрт кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Қорытынды кезеңінде байқауға қатысушылардың жұмыстары талданды, шешім шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдар және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздіктің үздігі», «Ұшқыр ойлы математиктер», «Зерек математиктер», «Мобильдік» номинацияларының иегерлері анықталды.