Қараша айының 22-ші жұлдызы күні Салалық технологиялар институтының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс  студенттеріне Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Қуан Армат Құлымбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге университет бойынша дін және экстремизмге жауапты маман, «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Кубашев., Салалық технологиялар институты бойынша дін және экстремизмге жауапты маманы, «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасы аға оқытушысы Ә.Р.Мұхтар., Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаева қатысты.

«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы кездесудің басты мақсаты Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу; Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмның таралуына жол бермеу; Деструктивті діни ағымдар олардың қызметі туралы шынайы ақпараттарды тарату. Шара барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.