2024 жылдың 07 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында салалық технологиялық институтының, энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының эдвайзерлері «Электр энергетикасы», «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттерімен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сатыбалды Құлбековтің 75 жылдық мерейтойына арналған туындылар қойылған «Атамекен» көрме залында болды.

Сатыбалды Құлбеков  шығармаларын негізінен кескіндеме бағытында, пейзаж жанрында жазады. Суретші өлке тарихына байланысты аңыз-әңгімелермен жақсы таныс және археологиялық жәдігерлерді жинаушы. Көрмеге Батыс өңірінен табылған тарихи жәдігерлер қойылды. Студенттер залды аралап, суретшімен жеке әңгімелесіп, сұрақтар қойып, естелік суретке түсті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.