Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мейрамға бір ғасырдан аса уақыт өтіпті.
Барша табиғат оянып, осынау бір әлем түрленер шақ пен тұспа-тұс келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Білім және менеджмент институтының жігіттері нәзік жанды аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Нәзік жанды арулар!» атты мерекелік концертін ұсынды.
Мерекелік концертті БҚИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев құттықтау сөзімен бастап, институт директоры, т.ғ.д., профессор Тасмагамбетов Әсет Сембайұлының құттықтауымен жалғасын тапты. Ұжымның бір топ оқытушылары мен қызметкерлеріне университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, еңбектегі жоғары жетістіктері және азаматтық ұстанымы үшін құрмет көрсетіліп, алғыс жарияланды.
Мерекелік шара оқытушы азаматтар мен студенттер деканаты дайындаған әдемі жыр шумақтарынан, арнау, хор, вокалдық орындаудағы мерекелік әндер мен биден тұратын концерттік бағдарламамен жалғасты.






