Университеттімізде «Шақырылған профессор» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда, осы бағдарлама шеңберінде жетекші Қазақстандық және Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын дәрістер мен семинарлар өткізу үшін БҚИТУ-ға шақыру жұмыстары жүргізіледі.
БҚИТУ, Инженерлік-гуманитарлық факультетінің, ветеринария және тхносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Самара мемлекеттік техникалық университетінің «Техносфералық қауіпсіздік және сапа басқару» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Айдаров Дмитрий Васильевич шақырылды. Оның ғылыми және педагогикалық қызметінің саласы – өнімнің сапасын стандарттау және басқару, өндірісті ұйымдастыру.
2022 жылдың 28 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында профессор Д.В. Айдаров 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау», 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Сапаны басқарудың заманауи әдістері мен құралдары» тақырыбында дәрістер курсын өткізді. Дәріс барысында студенттер «Ашық білім беру» OPENEDU.RU. платформасының жұмысымен танысты «Ашық білім беру» – бұл әркімге сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік беру үшін күш біріктірген Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының жаппай онлайн курстарын ұсынатын білім беру платформасы. Профессор студенттермен жұмыс жасау барысында инновация мен сапаның өзара байланысы, сондай-ақ сапаны басқарудағы логикалық ойлау мәселелері талқыланды.
Курс соңында білім алушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Студенттерге дәріс курсы өте қызықты болды, олар өздеріне көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды, болашақ мамандықтарында маңызды болатын жаңа практикалық дағдыларын қалыптастырды.

