2022 жылғы 5 желтоқсанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Дүниежүзілік өнер тарихы» пәні бойынша «XVII ғасырдағы Италия өнері» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті, оған 6В07301-«Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын АРХ-21О және АРХ-23О топтарының студенттері қатысты. Дәріс сабағында лектор, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Гизатулла Т.Г. XVII ғасырда итальяндық өнердің қалай дамығанын, «барокко» еуропалық сәулеттік стилінің дамуына қандай өнер шеберлері әсер еткенін және олардың көркемдік және сәулеттік жұмыстары туралы түсіндірді.
Дәріс сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері сақталды. Лектор талаптарға сәйкес, оқу процесін ұйымдастырды. Білім алушылар дәріс сабағының тақырыбымен өте айқын танысты, XVII ғасырдағы итальяндық өнердің қызықты даму тарихы туралы түсінікке ие болды.