2022 жылдың 14 қарашасында 6В09103 «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС-де тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.
Бұл кәсіпорын 2013 жылдан бері жұмыс істеп, бүгінде тауарлық бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен және қара уылдырық шығарумен айналысады. Елімізде теңдесі жоқ кәсіпорынның техникалық және ғылыми базасы акваөсіру кешенінің ауданы 13 мың шаршы метрден асады.
«Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС-де бекіре тұқымдас балықтардың таза және будандық түрлерінің бірегей генофонды бар. Қазіргі таңда кәсіпорында бекіре тұқымдас балықтардың 9 түрі (орыс бекіресі, сібір бекіресі, белуга, стерлет, шип, орыс-сібір бекіресі, ленско-орыс бекіресі, стербел) бар.
Сабақ барысында студенттерге өндірістегі қауіпсіздік ережелері, балық күтімі, балық тұқымын анықтау, салмағы мен ұзындығын өлшеу және уылдырықтың жетілу кезеңін УДЗ аппаратын қолдану арқылы зерттеу жұмыстары таныстырылды.


