2022 жылдың 9 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен университет пен мектептің білім беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз етуге арналған жаңартылған білім мазмұнымен ұштастыру бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің қонағы – Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Бердіғалиева Лариса Абайқызы. Семинар-тренинг барысында тарихты оқыту әдістемесінде қолданылатын критериалды бағалау жүйесі, сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы секілді инновациялық әдіс-тәсілдер мен әр-түрлі ақпараттық-коммуникативтік құралдарды, көрнекіліктерді қолдана отырып сабақты тиімді өткізу бойынша қатысушыларға үлгілік сабақ көрсетілді. Семинар-тренингте «Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбында жаңартылған оқу бағдарламасындағы мазмұнды іріктеу және құру ерекшеліктері – тақырыптық бөлімдерді біріктіру, тарихи пәндер арасындағы тығыз пәнаралық байланыс, тарихи ойлау дағдылары, тарихи сананы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған материалдарды игеруге ерекше көңіл бөлінді. Білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез, бағалау дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Тәжірибе алмасуға бағытталған семинар-тренингке қатысушыларға жаңартылған білім бағдарламасы бойынша маман дайындаушы университетпен жалпы білім беру мектептерінде оқытуды тиімді ұйымдастырушы ретіндегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілік, шығармашылық деңгейін көтеру бағытында көмек көрсетілді. Семинар соңында Бердіғалиева Лариса Абайқызына педагогика факультеті деканының алғысхаты табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz