Инженерлік-гуманитарлық факультетінде оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде факультеттің 4 оқытушысы: А. Н. Омаров, PhD докторы, техника және технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры-Бүкіл ресейлік ҒЗИ –да ауыл шаруашылығында техника мен мұнай өнімдерін пайдалану бойынша, “Көлік, көлік техникасы және технологиялары” ББ; А. В. Ким. мұнай – газ ісі кафедрасының аға оқытушысы-Удмурт мемлекеттік университетінде “Энергетика” ББ; Днекешев А.К., в. ғ. к., экология және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры – П. А. Столыпина атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінде “Ветеринария”, “Ветеринариялық медицина” ББ бойынша; Р.Б. Ширванов, т. ғ. к., экология және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ю. А. Гагарина атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде “Энергетика” ББ бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының студенттеріне онлайн оқу сабақтарын жургізеді.

“Ветеринария”, “Ветеринарлық медицина”- В.А. Ермолаев, в.ғ. д., П. А. Столыпин атындағы УГАУ профессоры; “Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” – Н. В. Веденеева, б. ғ. к., СарГТУ доценті.”Энергетика” ББ бойынша – Миловзоров А.Г., Т. ғ. к., доцент, Удмурт мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі өз кезегінде ресейлік ғалымдар біздің студенттерге онлайн дәрістер оқиды.

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы инженерлік-гуманитарлық факультеті кафедраларының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысында шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен іскерлік байланыстарын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруда үлкен рөл атқарады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz