2026 жылдың 9-қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының «Сапа апталығы-2026» аясында, “Филология және оқыту әдістемесі” кафедрасының “Бастауышта оқыту әдістемесімен педагогикасы” мамандығының 4-курс студенттеріне “Бастауыш мектепте музыканы оқыту әдістемесі” пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты п.ғ.м., аға оқытушы Қ.М.Жұбанова жүргізді. Сабақ мақсаты: студенттерге музыка сабағында қолданылатын негізгі іс-әрекет түрлерін таныстыру, болашақ мұғалімінің шығармашылық дағдыларын практикалық тапсырмалар арқылы қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар ән айту, музыка тыңдау, музыкалық-ырғақтық қозғалыс, балалар музыкалық аспаптарында ойнау дағдыларын қалыптастыру мақсаттарында практикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамытты.
Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар құрамы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жан-жақты дамытуда «музыканы оқыту әдістемесін» меңгерудің маңыздылыған талқылап, студенттермен өткізілген кері байланыстың тиімділігін атап өтті.



