2026 жылғы 16-сәуірде 6B03201–Кітапхана ісі білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын БҚИТУ 1-2 курс студенттері Қазан мемлекеттік мәдениет институты мен Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде онлайн/офлайн форматында «Документ в социокультурном пространстве региона» атты III Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Білім алушылар келесі баяндамаларды жасады: Құрманова А.А. Ғұмар Қараш туралы цифрлық ресурстар: өлкетану коллекциясын қалыптастыру және Қуанғалиева З.А. Әлеуметтік желілерде кітапхананы ілгерілету оң қоғамдық пікірді қалыптастыру факторы ретінде (ғылыми жетекші аға оқытушы Утешева З.Б.); Есетова Ж.А. Мектеп кітапханалары: оқуды насихаттаудың заманауи технологиялары (ғылыми жетекші аға оқытушы Досмұханова Б.С.).
Конференцияның мақсаты – қоғамдағы, ақпараттық және әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі, әлеуметтік коммуникация жүйелеріндегі, ақпараттық-құжаттық саладағы тәжірибе мен инновациялық тәжірибелерді бағалаудағы құжатты құрудың, қызмет етуінің және зерттеудің тарихы, қазіргі жағдайы мен перспективалары, теория мен практиканың өзекті проблемаларын шешуде жаңадан бастаған зерттеушілердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
Студенттерге қатысу сертификаттары, ал ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.

