Патриоттық-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 18-қазанында Республика күні мерекесіне орай эдвайзерлер Д.С. Тоғашева, А.Қ. Нурманованың ұйымдастыруымен «Қаржы және экономика» кафедрасының білім алушыларына ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Республика күні – нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын патриоттық мереке.

Ашық тәрбие сағатында студенттер өлең айтып, ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Шараның екінші бөлімі ойын түрінде ұйымдастырылып, студенттердің танымдық қабілетін арттыратын сұрақтар қойылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz