2023 жылдың 19 қазанында жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы  Ж.Б.Курманова оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында интерактивті оқыту әдісі – полиглот арқылы шет тілі пәнінен ашық сабақ ұйымдастырып, өткізді. Полиглот – көп тілді меңгерген адам. Кем дегенде үш шет тілін білетін адам полиглот деп танылады. 6В07105 “Автоматтандыру және басқару”, 6В07102 “Электр энергетикасы”, 6В 07101 “Көлік, көлік техникасы және технологиялары”, 6В 07104 “Техникалық машиналар мен жабдықтар” Білім беру бағдарламаларының білім алушылары “жұмбақтар”, “стихиялық сөйлеу”, “kazakhstansportsmen”, “Kindofsports”, “healthylifestyle”қазақ тілінде, орыс, ағылшын тілдерінде тапсырмаларды орындады. Көптілді білім беру бағдарламасы аясында тілді сапалы меңгеруді қамтамасыз ететін сабақ мақсатына жетті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz