Наурыз мейрамы қарсаңында “Сәулет және құрылыс” кафедрасының білім алушылары кафедраның аға оқытушысы Б.А. Кенжегалиеваның жетекшілігімен “Ұлттық дастархан” (“ұлттық натюрморт”) тақырыбында жыл сайын өтетін Республикалық конкурсқа қатысты.
Ұлттық натюрморт тақырыбы -қызықты әрі жарқын тақырып. Білім алушылар өз жұмыстарында қазақтың дәстүрлі тағамдарының байлығы мен алуан түрлілігін көрсете алды. Олардың натюрморттары көркем, өзіндік ерекшелігімен дараланып, сюжеттік желісімен, композициясымен және түстік шешімімен қызықты.
Байқаудың қорытындысы бойынша Арх13О тобының студенттері Хайрушева Акерке, Кенжегали Солих, Кенжегали Махаббат, Каримуллин Ануар және Арх12О тобының студенті Габбасов Нурбек осы байқаудың жеңімпаздары атанды.

