Білікті мамандарды даярлау мақсатында 6В071/7М071 -«Инженерия және инженерлік іс», 6В072/7М072 – «Өндірістік және өңдеу салалары», сондай-ақ 6В113 – «Көлік қызметтері» бағыттары бойынша университет «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-мен ұзақ мерзімді екіжақты келісімшарт негізінде ынтымақтастық орнатқан.
«ЗКМК» АҚ – заманауи материалдық-техникалық базасы бар өңірдегі жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі. Компания мұнай-газ саласына, энергетикаға және өнеркәсіпке арналған жоғары технологиялық жабдықтарды, соның ішінде металл конструкцияларын және арнайы техниканы әзірлеу және өндірумен айналысады.
Компанияның серіктестері қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар бар: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ҚазГерМұнай» ЖШС және басқалар.
«ЗКМК» АҚ базасында өндірістік практикадан өту студенттерге нақты кәсіби дағдыларды меңгеруге, теориялық білімдерін бекітуге және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.