17 наурыз күні «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика және психология кафедрасы «Шаңырағы биік, босағасы берік – ұстаздар отбасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Набидоллиндер отбасы – Бисенбай Қуанышқалиұлы және Шолпан Сағатовна шақырылды. Бұл отбасы – өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше мән беретін, бірлігі мен берекесі жарасқан өнегелі отбасы.

Іс-шара барысында педагог жұп туралы әріптестердің жылы лебіздері айтылып, қатысушылар тарапынан бақытты отбасының құпиялары жайлы сұрақтар қойылды.

Кездесу барысында берік отбасының қоғам тұрақтылығының негізі екендігі, рухани және ұлттық құндылықтардың сақтаушысы ретіндегі маңызы ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар қазіргі заманда отбасы институтын сақтау мен дамыту, оны насихаттаудың маңыздылығы да назардан тыс қалмады.

Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, студенттер мен оқытушыларға жарқын әсер, шабыт және құнды өмірлік бағдар сыйлады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz