2023 жылдың 23-24 қазанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры Қадырғалиев Н.М. Республика күніне арналған ЗКИТУ индустриалды технологиялар институтында 1 курс студенттері арасында Қазақстан тарихы бойынша викториналық сайыс ұйымдастырылып, өткізілді.
Викторина сайысының бағдарламасына 1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күннен бастап бүгінгі күнге дейін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша сұрақтар болды.
Бұл шараның мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру; Қазақстан, тұрмысы, мәдениеті, мерекелері туралы білімдерін бекіту; Отанды, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу идеясын дамыту және т.б.
Орыс ағыны бойынша І орынды «PeniorShtarg» командасы, ББ 6В06104 «Информатика және ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері, 2 орынды «Қызыл орден» командасы, ББ 6В09103 «Ветеринария» мамандығының студенттері, 3 орынды – ББ 6В07301 «Сәулет» «Үш жүз» командасы иеленді.
Қазақ ағымында I орынды 6В07301 “сәулет”ББ білім алушылары “Алаш” командасы; II орынды 6В07301 “сәулет” ББ “Жайық” командасы; III орынды 6В07105 “Автоматтандыру және басқару” ББ білім алушылары “Жеңіс”командасы иеленді.




