Құрметті әріптестер!

Сіздерді келе жатқан Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы жарлығымен 25 қазан – Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

Осы мерекелі күн Сіздің жүрегіңізді бірлік пен ұлы мемлекет құруға деген ұмтылыспен толтырсын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, ғылымда үлкен жетістіктер, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

 

Құрметпен, БҚИТУ ректоры Шакешев Б.Т.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz