2026 жылдың 29 қазанында Мұнай-газ инженериясы кафедрасының студенттері облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсияға аға оқытушылар А.Б. Акмалиева мен Ж.А. Мурзабекованың жетекшілігімен «6В07201 – Мұнай-газ ісі» және «6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаларының 1–3-курс студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ жастардың бойында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Экскурсия барысында студенттер музей экспозицияларымен, археологиялық жәдігерлермен және өлке тарихынан сыр шертетін құнды экспонаттармен танысты. Олар өңіріміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, сондай-ақ көрнекті тарихи тұлғалар туралы қызықты әрі танымдық мәліметтер алды.

Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне, тарихи санасының қалыптасуына және туған жерге деген құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz