«Тілдер және менеджмент» факультетінің «Қаржы»ББ және «Есеп және аудит» ББ студенттерін аумақтық мемлекеттік қазынашылық органдары арқылы бюджеттің атқарылуын ұйымдастырумен таныстыру мақсатында 2022 жылғы 18 қарашада «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті» Республикалық Мемлекеттік Мекемесіне практикаға бағытталған экскурсия ұйымдастырылды.

БҚО бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Серік Кадирович Кударов Департаменттің қызметі, Қазынашылықтың құрылымы, қызметі, республикалық ақша ағындары мен қаржылық салымдардың бөлінуі туралы айтып берді.

Болашақ қаржыгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Студенттер Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптармен танысты.

Бұл экскурсия Ф-211, Ф-221, Ф-311, Ф-411 топ студенттері үшін «Бюджет қаражаттарының жоспарлануы, орындалуы, бақылауындағы қазынашылықтың орыны» тақырыбында электронды депозитарий бөлімінің басшысы А.У. Жалкатованың қонақ дәрісінің заңды жалғасы болды.

Қызметкерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Зайнулина Балкия Аликбалиқызына, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Смағұлова Айгүл Жақпарқызына, электрондық депозитарий бөлімінің басшысы Жалхатова Айгүл Утегенқызына алғысымызды білдіреміз.

Студент Есмағамбетова Гүлнара өзінің курстастарының әсерлері туралы айтып берді: «Экскурсия біз үшін танымдық болды. Біз қаржыгердің мемлекеттік салада сұранысқа ие мамандық екенін көрдік».

Жауаптылар: э.ғ. м., аға оқытушы Салимбаева Ш. Д.

э.ғ. к., қауымдастырылған профессор Курманова Г. К.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz