БҚИТУ ИГФ деканатының бұйрығына сәйкес «Шамшырақ» АӨК ет комбинатында «Ветеринарлық медицина» ОБ-ның 5-ші курс студенттері «Практикалық хирургия ветеринариялық офтальмологиямен» пәні бойынша практикалық-бағдарлы сабақ өтті.

Тәжірибеге бағытталған сабақты кәсіпорынның бас мал дәрігері Н.Н. Абдықапаров және Ветеринария және техносфера қауіпсіздігі кафедрасының қауымд. профессоры, в.ғ. к. А.К. Днекешев өткізді.

Сабақ барысында студенттер жануарларды союдың бүкіл технологиялық процесін зерттеп, лимфа түйіндерінің және басқа да анатомиялық түзілістердің топографиялық анатомиясымен жануарлардың әртүрлі түрлерінің өлекселерінде көрнекі түрде таныстырылды. ЖШС «Шамшырақ»  кәсіпорынның ветеринария маманы жануарлар жөніндегі хирургиялық көмек көрсетуде топографиялық аймақтардың шекараларын, кесудің оперативті ұтымды әдістерін нақты көрсетті.

«Практикалық хирургия ветеринариялық офтальмологиямен» пәні бойынша практика-бағдарланған сабақтарды өткізу университетіміздің «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша бітірушілеріне кәсіби даму мәселелерін шешуге көмектеседі, сонымен қатар олардың жұмыс орнында одан әрі кәсіби қызметінде сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz