Астана қаласында ҚР «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РҚБ ұйымдастыруымен 6–7 желтоқсан күндері өткен «Qazaq Battle: Толық адам» республикалық пікірсайыс турниріне университетіміздің 6B01601 Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Дүйсенғалиев Айдос және Есенқосов Майрамбай іріктеу кезеңінің төрешілер құрамында қатысып, өз тәжірибелерін арттырып қайтты.

Турнир барысында студенттеріміз Қазақстан студенттерінің Альянсы РҚБ төрағасы Ұлан Наукен мырзаның қолынан Алғыс хатпен марапатталды.

«Jas Power» азаматтық-патриоттық тәрбие беру жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан университет студенттеріне алғыс білдіреміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz