2025 жылдың 4 желтоқсанында Ж. Молдағалиев атындағы кітапхананың мәжіліс залында зорлық- зомбылыққа қарсы күрес жастарға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру мақсатында «Өз өміріңді аяла» атты шара өтті.
Облысымыздағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының жұмыс жөнінде әлеуметтік кеңесшісі – Ескендирова Сара Кабибуллиновна және, мәдени ұйымдастырушы – Кусесова Перизат Узаккалиевна келіп «Сәулет», «Ветеринария», «Тамақ технологиясы және қауіпсіздігі», «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Құрылыс» білім бағдарламалар бойынша оқитын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 1 курс студенттеріне дағдарыс орталығының толық қызметі мен көрсетілетін көмегі туралы ақпарат берді. Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қарсы заң туралы, және осындай жағдайға тап болған кездегі сақтық шаралары туралы баяндады.
Шараның мақсаты: Жастарға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.Жастарға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып дамуына қолдау көрсету. Облысымызда дағдарыс орталықтарының жұмыс жасайтының, тегін психологиялық көмек ала – алатының оқырмандарымызға таныстыру.

