2023 жылдың 11 қазанда Салалық технологиялар институтының 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының ЮР-31 топ білім алушылары кафедраның аға оқытушылары Ж.К.Тулеугалиева мен А.Ж.Сарсенованың жетекшілігімен БҚО Полиция департаменті жедел криминалистикалық басқармасында «Криминалистика» пәнінен практикаға бағытталған сабақ өткізілді.
Сабақты Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жедел криминалистикалық басқармасының бас криминалисі полиция подполковнигі Жұсупов Қосым Қаналыұлы мен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жедел криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Мұхамедьяров Қазбек Қадырбекұлы өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Криминалистикалық трасология».
Сабақ барысында полиция майоры Мұхамедьяров Қазбек Қадырбекұлы Трасологиялық зерттеудің мәнін – түйісетін (контактілі) объектілерге механикалық жағынан әсер етудің ерекшеліктерін және осының нәтижесінде пайда болатын іздерді зерттеу құрайтынын, қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелентінін: статикалық және динамикалық; көлемді және беткі қабатты; локальды және перифериялық сияқты түсініктерін ашты.
Полиция департаменті жедел криминалистикалық басқармасының бас криминалисі полиция подполковнигі Жұсупов Қосым Қаналыұлы трасологиялық іздерді алу сияқты әдістері сияқты мәселелеріне практикалық білім берді. Студенттерге криминалистикалық жиынтық көрсетіліп, басып шығаруға арналған құралдар мен заттарға толық сипаттама берілді.
Болашақ заңгерлер де өзекті құқықтық мәселелермен танысып, жедел криминалистикалық басқармасы қызметкерлерінен практикалық жұмысы бойынша сұрақтар қойды.

