Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының Педагогика және психология кафедрасында  психоанализ бағытындағы тәжірибелі психолог маман Тасеменова Ботакөз Бисенғалиқызының қонақ дәрісі болып өтті. Аталған шараға кафедраның «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Психология», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты.

Дәрістің тақырыбы – «Отбасылық қарым-қатынас психологиясы» болды. Дәрісте отбасы институтының психологиялық мәні мен қағидалары, негіздері, ресурстары мен неке элементтері талқыланды. Маман отбасылық қарым-қатынасының психологиялық қырларына ерекше тоқталды. Отбасылық өмірге даярлықтың маңызы, отбасылық одақтың жалпы мотивациясы, ерлі-зайыптылардың алғашқы тұлғааралық, әлеуметтік-психологиялық бейімделуі, тұлғаның психологиялық жарақаттарының психоанализы мәселелері практикаға негізделе талқыланды.

Студенттер дәрістің мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысып, көптеген сұрақтар қойып, қажетті ақпарат алды. Қонақ дәрісін қорытындылай келе «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекова отбасылық қарым-қатынастың психологиялық құрылымын психоанализ тұрғысынан қарастыру болашақ мамандар үшін маңызды деген пікірін білдіріп, келген қонаққа алғысын айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz