11.09.2023 ж. Құқық кафедрасы филиалының қызметі шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының базасында 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Право ребенка на общение с родителями и другими родственниками» тақырыбында «Ювеналды құқық» пәні бойынша Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к., адвокат – Габдуалиев Мереке Тлекович практикаға бағытталған сабақ өткізді.
Практикалық сабақтың осы түрін өткізудің мақсаты ата-аналар мен туыстардың Қазақстанның отбасылық заңнамасында бекітілген баламен қарым-қатынас жасау құқығына байланысты даулар бойынша талап арыздардың жобаларын жасау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың осы әлеуметтік-құқықтық қатынастар саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқықтарын іске асыру тетігімен танысу.
Сонымен қатар, қалыптасқан сот практикасы аясында ата-ана құқықтары мен бала құқықтарының құқықтық аспектілері белсенді талқыланды.

