Салалық технологиялар институтының кітапханасында «Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысында халықаралық деректер базасын (Scopus, Web of Science, Wiley) пайдалану» тақырыбында оқыту тренингі өтті.

Тренинг барысында қатысушылар халықаралық ғылыми платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми ақпараттарды тиімді іздеу жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарында деректер базаларын пайдалану бойынша тәжірибелік кеңестер беріліп, бұл профессор-оқытушылар құрамының жарияланым белсенділігінің артуына ықпал ететіні атап өтілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz