2026 жылғы 11–23 мамыр аралығында Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігі және автомобильдер сервисі» кафедрасы базасында инженерлік-техникалық бағыттар бойынша «Жастар және ғылым – болашаққа қадам» атты халықаралық қашықтықтан жобалар және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар байқауы өтті.

Байқау түрлі білім беру ұйымдарының дарынды әрі бастамашыл студенттерін біріктіріп, олардың жоғары дайындық деңгейін, ғылыми-техникалық ойлау қабілетін және инновациялық қызметке деген ұмтылысын көрсетті. Қатысушылар инженерия, көлік, технологиялар және техникалық сервис салаларын дамытуға арналған авторлық жобаларын ұсынды.

«Көлік және технологиялар» кафедрасының студенттері байқауға белсенді қатысып, өз оқу орнын лайықты деңгейде таныстырып, кәсіби дайындықтары мен білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

  • І орын – Дерксен В.В. (ТТТ-22о тобы), жетекшісі Нургалиев Л.М.;
    • І орын – Давлетов Н.С. (ТТТ-32о тобы), жетекшісі Сагиров А.Е.;
    • І орын – Еділов Е.Қ. (ОП-11о тобы), жетекшісі Уразгалиева М.К.;
    • І орын – Успанов А.Р. (ОП-12о тобы), жетекшісі Уразгалиева М.К.;
    • ІІ орын – Амандыкова А.Д. (ТМО-12о тобы), жетекшісі Сарсенбаева Л.Х.;
    • ІІ орын – Аманжол Д.А. (ОП-11о тобы), жетекшісі Сагиров А.Е.

Жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс және биік белестер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz