30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің акт залында студенттердің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Жыл сайын әлемнің жүздеген елі қазан айының бірінші аптасында осы мерекені атап өтеді. Бұл күні біздің педагог ұстаздарымызға жылы лебіз, алғыс-тілектер айтылып, мерекелік кештер ұйымдастырылып, гүл шоқтары табыс етіледі.

img_1114%d0%ba%d0%be

БҚИТУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы Р.С.Габдуалиева өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді. Әріптестеріне мықты денсаулық, жұмыста табыс және студенттерге зор алғыс айтып сәттілік тіледі.

«Қымбатты ұстаздар, сіздер ұстаздық еңбек жолында қаншама жүйкелеріңіз жұқарып, қаншама тер төгіп, шәкірттеріңіз үшін аянбай еңбек етіп келесіздер»

img_1152%d0%ba%d0%be

Білемін, әрқайсыңыз студенттерге айтылған әрбір сөздеріңіздің, берген білімдеріңіздің жемісін көруді армандайсыз. Барлығыңыздың осы армандарыңыз орындалсын. Шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын!» – деп университетіміздің ректоры өз құттықтау сөзін жолдады. Педагогикалық факультеттің деканы, х.ғ.к., профессор Б.С.Джумакаева өз құттықтау сөзін жолдап, сабырлық, денсаулық және белсенділік тіледі.

«Ұстаз болу – жүректің асылдығы, бір Алланың берген сыйы. Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен бүгінгі студенттерден білікті маман дайындайсыздар. Дана ойларыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңізді үлгі ете отырып, келешек ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді.

img_1290%d0%ba%d0%be

Кәсіптеріңізге деген адалдық пен өлшеусіз еңбектеріңізге зор алғыс білдіремін. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін баршамыз мойындаймыз, бас иеміз!

Кеш барысында әндер айтылып, мәнерлеп өлең шумақтары оқылды. Педагогикалық факультеттің қызметкерлері үшін бұл мерекенің ең басты сыйы – сыйақы болды.

img_1138%d0%ba%d0%be

img_1196%d0%ba%d0%be

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz