Жуырда Тілдер және менеджмент факультетінде тілдер апталығы өткізілді. Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, Елбасының «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысу мақсатында  факультеттің барлық мамандықтарының бірінші курс студенттері қабырға газеті, викторина, мақал-мәтел, мәнерлеп оқу және музыкалық өнер сайыстары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз өнерлерін көрермендер алдында паш етті.

Апталықтың бірінші күнінде қабырға газеті сайысынан өздерінің бірегей ойларымен, тақырыпты жан жақты аша білуімен және тартымды суреттерімен «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 613-топ студенттері жеңімпаз атағына ие болды. Викторина және мақал-мәтелдер сайысына Экономика және менеджмент, Шет тілі және аударма ісі, Мәдени-тынығу жұмыстары кафедраларының командалары қатысып, білімге, ұлттық мақал-мәтелдерді дәріптеуге деген құштарлықтарын көрсетті.

Осы сайыста үш тілдегі сұрақтарға әрі оңай, әрі тез жауап берген Шет тілі және аударма ісі кафедрасының білім алушыларынан құралған топ 360 ұпаймен «Мыңнан тұлпар» номинациясын қанжығасына байлады. Үшінші күнгі мәнерлеп оқу сайсынан 614-топ студенті Анжела Яндавлетова ІІІ орынды, 212-топ студенті Анастасия Коновалова жүлделі ІІ орынды иеленсе, 1211-топ студенті Әсем Шеркешбаева «Толғанам ана тілім деп …» төл шығармашылығымен І орынды жеңіп алды. 1213-топ студенті Айсана Серикова «Туған жер» әнімен, 111-топ студенті Алихан Жанбатыров Құрманғазының «Адай» күйімен және 311-топ студенттері Аягөз Дуйсенова, Диана Каиргалиева үнді биімен көрермендерге әсем көңіл-күй сыйлап, сәйкесінше жүлделі ІІІ, ІІ және І орындарды бөліп алды.

Апталық әділқазылар мүшелері –ф.ғ.к. Ж.К. Хайрушиннің, б.ғ.к., М.З. Зиналиеваның және филол.ғ.к., С.Б. Мулдашеваның құттықтау сөздерімен және сайыс жеңімпаздарын марапаттаумен өз мәресіне жетті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz