Ұстаздар күні және дәстүрлі «Еуразия» күні қарсаңында, Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері оқытушыларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекелік шара барысында оқытушылар өздерінің педагогикалық қызметі барысындағы естеліктерімен бөлісті.
2016 жылдың 29 қыркүйегінде тілдер және менеджмент факультетінің студенттерінің күшімен ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Мерекелік шараны тілдер және менеджмент факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Ж.Ж.Жумаев ашты. Факультет деканы өз сөзінде оқытушылар қауымын мерекемен құттықтады және факультет ұжымына келген жаңа оқытушыларды таныстырды. Студенттер ұстаздарға арналған өздерінің өлең шумақтарын оқып, әндерін шырқады.
Шараны ұйымдастыруға атсалысқан студенттік сенаттың мүшелері Сахиева Бибинур, Жанболатов Нұрболат, Мендешева Асель, Каналина Нұрай және Капиев Әділханға, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс студенттері Хван Владислав, Серикова Асылай, Кенжегалиев Данияр, «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері Бисекешова Гульнур, Жанбатыров Алихан, «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының студенттері Ерғараев Азамат, Ахметова Аксамал, Бахтиярова Алия, Федорова Янаға және т.б. үлкен алғысымызды білдіреміз.












