2026 жылдың 17 сәуірінде  Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Педагогика және психология кафедрасының 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01101- Педагогика және психология, 6В03101 – Психология, 7М01101 – Педагогика және психология бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша «Білім беру бағдарламаларын дамытудың өзекті мәселелері мен бағыты» атты 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жасақтау бойынша Академиялық комитетінің отырысы өтті.     

Білім беру бағдарламаларын талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: БҚИТУ бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Машанова С.А., Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов А.С., Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Тулегенова А.У. және жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері: «№7 «Айналайын» бөбекжайының МКҚК меңгерушісі Кенжегарина А.С., «№10 «Балапан» бөбекжайының МКҚК меңгерушісі Абдулова Б.Т., «№8 «Арай» бөбекжайының МКҚК меңгерушісі Тулешева М.Т., «Айяна» жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесінің меңгерушісі Буентаева М.Т., Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Обыденкина Л.В., М.Өтемісов атындағы  БҚУ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Абдираимова Э.К.,  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің проректоры Аймаганбетова А.М.,  Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледж директоры Габдуллина З.М.,  «№17 ЖОББМ» КММ директоры Карина Б.М., «№20 ЖОББМ» КММ директоры Утегалиева Н.К., Қалалық психолого-дәрігерлік- педагогикалық консультация орталығының жетекшісі Сатыбалдиева У.А., «Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ жетекшісі Галиева Г.М., “Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру”  КММ жетекшісі Туяков Е.И.  қатысып, өз ұсыныстарымен бөлісті. 

Білім беру бағдарламаларын жаңартудың негізгі қажеттіліктері туралы академиялық комитет мүшелері: PhD, қауымдастырылған профессор Султаниязова Н.Ж., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор – Кинжекова Р.С., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Набидоллина Ш.С., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Джонисова Г.К., п.ғ.к. қауымдастырылған профессор Иргалиев А.С. өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен, материалдық-техникалық, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз пікірлерін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларына 2026-2027 оқу жылына жаңарту мен толықтыру енгізіліп, элективті пәндер каталогы жасақтау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz