Білім және менеджмент институтында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің нұры – Ару»/«Мир начинается с женщины» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара 6B03101–Психология,  6B01101–Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының студенттерінің қатысуымен, кафедраның аға оқытушылары В.В.Лукпанова, Ж.Е.Кадыржанова, А.Б.Султанов және Г.А.Жумагулованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Мерекелік бағдарламада шығармашылық өнер көрсетілді, интерактивті ойындар және зияткерлік байқаулар өткізілді. Студенттер педагогикалық және психологиялық ғылым саласына ерекше үлес қосқан әйгілі әйел тұлғалары туралы презентация дайындап, оқытушылар мен студенттерге арналған танымдық әрі көңілді ойындар ұйымдастырды. Мерекелік атмосфераны студенттердің би және музыкалық өнері, поэзия мен әзіл-сықақ көріністері әсерлі етті. Концерттік бағдарлама барлық қатысушыларды біріктірген «Мы желаем счастья вам» атты ортақ караоке әнін шырқаумен аяқталды.

Мерекелік бағдарлама ұстаз-әйелдер қауымына деген алғыс пен құрметті білдіріп ғана қоймай, баршаға жарқын эмоциялар мен көктемгі көңіл-күй сыйлады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz