2024 жылдың 30 қазанында БҚИТУ СТИ-ң Ветеринария және техносфералық кафедрасының 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мамандары Сугурбаева Таңсәуле Қайырғалиевна, Мамбеткалиева Зульфия Кадыргалиевна, Есетова Айнур Муратовна шақырылып, «Экологиялық қауіпсіздік» тақырып бойынша танымдық практика бағытталған дәріс оқыды.
Өндіріс мамандары дәріс барысында өндірістік орындардағы экологиялық бақылаудың мақсатымен міндеттері туралы таныстырып, қоршаған ортаның өндірістік мониторингі және оларды автоматтандырылған жүйесі жайында мәлімдеді.
Қазіргі кездегі тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаны ластауы өзекті мәселе екені, оларды азайтудың жолдарын атап өтті. Сондай-ақ білім алушыларға қоршаған ортаның тазалығын, бүтіндігін сақтау үшін, адамның этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттігін ерекше айтып жеткізді. Әрбір адамзат экологиялық сауаттылығын арттыру керек екенін айқын баяндады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мамандарына алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!


