Өткен аптада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Орал қаласының әкімі М.М. Саткановтан “Университеттің халықтың өмірін сақтап қалуға және Орал қаласындағы төтенше жағдай кезінде елді мекендерді су тасқынынан қорғауға сіңірген еңбегі үшін”алғыс білдірді.
Қалалық әкімдікте ТЖ кезінде табиғи апатқа қарсы күреске қатысқан БҚИТУ-дың ерекшеленген 23 студентіне қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Біздің университеттің профессорлық – оқытушылық және студенттік ұжымы қаланың өткен су тасқынына қарсы іс-шараларына белсенді қатысып, қиын уақытта халықты қолдау жөніндегі жалпы іске өз үлесін қосты. Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер қорғаныс құрылыстарын нығайттып, су тасқыны аймағында қаптарды толтырып және орналастырып, қала тұрғындарына көмек көрсетті. БҚИТУ еріктілер штабының студенттері халықты эвакуациялауға, гуманитарлық көмекті түсіруге және жеткізуге, қаланың эвакуациялық пункттерінде азық-түлік таратуға қатысты.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін университет ұжымы қайырымдылық қорына шамамен 3 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат аударды. БҚИТУ құрылтайшылары апатқа қарсы күреске қатысушы университеттің студенттері мен оқытушыларын өз қаражат есебінен тамақтандыру туралы шешім қабылдады. Құрылтайшылардың қолдауымен 100 орындық эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.
Өткен су тасқынына қарсы іс-шаралар жерлестердің қайғы-қасіретіне ешкім бей-жай қарамайтынын және Біз барлық қиындықтарды бірлескен күш-жігермен ғана жеңетінімізді көрсетті. Біздің күшіміз-бірлікте!
А.М. Мукаева, Академиялық қызмет жөніндегі департаментінің жетешісі

