2024 жылдың 23 қаңтарындағы №211 және 2024 жылдың 25 қаңтарындағы № 212 оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу туралы бұйрығына сәйкес 2 мамырда БҚИТУ мен ТМТУ-дың «Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері» пәні бойынша 6В07102-«Электр энергетикасы» БББ 3 курс білім алушыларында бірлескен ашық сабақ өтті.
Сабақты БҚИТУ қауымдастырылған профессоры – Л. А. Садыкова және ТМТУ доценті – А. В. Кобелев өткізді.
Сабақ барысында Қазақстан мен Ресейдегі баламалы энергетиканы дамыту бойынша презентациялар дайындалып, көрсетілді.


