2024 жылдың 25-қаңтарында Білім және менеджмент институтының Кәсіптік бағдар беру бөлімінің өкілдері – аға оқытушылар Р.С. Ислямов пен А.А. Кубашев №6 Жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізді. Кездесуді өткізудің ыңғайлылығы үшін әр сыныптың ата-аналары кәсіптік бағдар берушілермен жеке сөйлесті, бұл нәтижелі диалогқа ықпал етті, әрбір қойылған сұраққа ЖОО өкілдері толық жауап берді. Кездесу барысында ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты, тапсырылатын пәндер, университеттегі  білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылып,  мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz